Жаңалықтар

Әр отбасын алаңдататын мәселелерге жол беруге болмайды – Салтанат Тұрсынбекова

Әр отбасын алаңдататын мәселелерге жол беруге болмайды – Салтанат Тұрсынбекова

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова нашақорлық, құмар ойындар, маскүнемдік сияқты әлеуметтік мәселелердің Қазақстан азаматтары арасында кеңінен таралуына жол беруге болмайды деп санайды. Бұл туралы ол бүгін елордада құқық қорғаушылармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Нашақорлық, құмар ойындар және қоғамның маскүнемдігі 

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова нашақорлық, құмар ойындар, маскүнемдік сияқты әлеуметтік мәселелердің Қазақстан азаматтары арасында кеңінен таралуына жол беруге болмайды деп санайды. Бұл туралы ол бүгін елордада құқық қорғаушылармен кездесу барысында айтты. Салтанат Тұрсынбекова өзінің құқық қорғау қызметімен бес жылдан бері айналысып келе жатқанын атап өтті - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қазақстандық әйелдердің мүддесін қорғайды. Сондықтан ол құқық қорғаушылардың өздерін де, олар қорғайтын адамдарды да не алаңдатып отырғанын жақсы түсінеді. Қатысушылар кандидаттың сайлауалды бағдарламасы аясында әлеуметтік салада жүзеге асыруды жоспарлап отырған реформалары туралы сұрақтарын қойды. Құжаттағы негізгі бес бағыттың бірі осы тақырыпқа арналғанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, кандидат азаматтық қоғам институттарының тиімді жүйесін құруға және қоғамдық бақылауды күшейтуге ден қоюды көздеп отыр. Сондай-ақ құқық қорғаушылар адамдармен жұмыс барысында күнделікті кездесіп қалатын мәселелердің кең ауқымын талқылады.

Ойынқұмарлық, ішімдік пен есірткіге тәуелділік Қоғам қайраткері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасымен жұмыс істеу барысында аймақтарға – шалғай ауылдар мен шағын қалаларға талай рет барғанын атап өтті.

Заңгер Үсен Қойшиев қазақ қоғамының тағы бір дерті – құмар ойыны екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Салтанат Тұрсынбекова қазақ қоғамындағы тағы бір дерттің таралуына алаңдаулы.

Баяндамашы бұл мәселелер болашақ мемлекет басшысы үшін өзекті тақырыптардың біріне айналуы тиіс екенін атап өтті. Салтанат Тұрсынбекова қоғамда, әсіресе, кәмелетке толмағандар арасында мұндай «дерттің» таралуымен күресуді көздеп отыр.

Жемқорлық Талқылау барысында шараға қатысқан журналист кандидаттан сыбайлас жемқорлық мәселесін шешудің қандай шешімін ұсынып отырғанын сұрады.

Салтанат Тұрсынбекова, сонымен қатар, өзінің сайлауалды бағдарламасына тоқталып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз ұстанымы мен ұсыныстарын нақты атап өтті. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа бағдарламасын әзірлеу мен қабылдаудың маңыздылығы, мүлкі табысына сәйкес келмейтін лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы норманы заңнамаға енгізу және т.б. айтылды. Аналарды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу Қоғам белсенділері әйелдерді қолдау мәселесіне ерекше назар аударды: тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылықпен күресу, жұмыс істейтін аналарға қамқорлық, толық емес отбасыларды қолдау, сондай-ақ өзге де қоғамдық мәселер күн тәртібінен түспек емес.

Кездесуге әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен тұрақты күресушілердің бірі ретінде танылған «Қорғау-Астана» қорының басшысы Анна Рыль да қатысты.

«Рухани қоғам әлемі» қорының психологы Лимана Қойшиева да үміткерді бұрыннан танитынын атап өтті.

Айта кетерлігі, Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды бағдарламасында төртінші бағыт – азаматтарды әлеуметтік қорғау, мұнда ол осында айтылған мәселелерді де көтеріп келеді.

Спикер әйелдерді жұмыспен қамту тақырыбына да тоқталды.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін Салтанат Тұрсынбекованы кезектен тыс сайлауда президенттікке кандидат ретінде тіркеген болатын.