Жаңалықтар

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова: 200-дей азаматтың қолын өзім жинадым

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова: 200-дей азаматтың қолын өзім жинадым

Президенттіктен үміткер Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын Орталық сайлау комиссиясында тіркетуге қажетті дауыс жинау үшін өзі де ел арасына шыққанын айтты.

Әуелі ол өзін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігіне алғыс білдіріп, сенімдерін ақтайтынын жеткізді.

Үміткер өзін кандидат ретінде тіркеуге қажет дауысты негізінен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің жергілікті филиалдары жинағанын атап өтті.

Еске салсақ, ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдаған еді.