Жаңалықтар

Сайлау-2022. Байқаушыларды оқыту жалғасып жатыр

Сайлау-2022. Байқаушыларды оқыту жалғасып жатыр

Өткен бір ай ішінде Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов бірқатар өңірге барып, байқаушылармен сайлауды бақылаудың басым мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Төлеген Күнәділов елорданың байқаушылармен кездесті.

Партиялық емес байқау орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Төлеген Күнәділов байқаушының міндеттеріне тоқталып, сайлау учаскелерінде қандай заң бұзушылықтарға жиі жол берілетіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан оқыту семинарларынан басқа, Партиялық емес байқау орталығының байқаушылары барлық құқықтық қыр-сырын меңгеруге және өз учаскелерінде бақылауға толық дайындалуға мүмкіндік беретін қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау осы жылғы 20 қарашада өтетінін еске сала кетейік.