Спорт

Жамбылдық жасөспірімдер жеңіспен оралды

Жуырда Астана қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде бақ сынаған облыстық №41 балаларжасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 3 күміс және 1 қола жүлде иеленді.

Спорт мектебінің директоры Ердос Акимовтың айтуынша, жас спортшылар бозкілемде жоғары дайындықтарын көрсете алған.

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында файтинг бөлімінде 63 келі салмақ дәрежесінде U18 санатында өнер көрсеткен Дария Есмұрат жүлделі екінші орынды иеленді. Сонымен қатар командалық дуо классик бағдарламасында U16 Жұлдыз Мамутова мен Әдемі Аманкелді күміс жүлдегер атанса, командалық дуо шоудың аралас U18 санатында Серік Мұхаммеджан мен Әдемі Аманкелді үздік үштікті түйіндеді. Ал U14 санатындағы дуо классик бәсекесінде Жамелледин Солих пен Садуақас Мирас қола жүлдеге ие болды.

 Ал Дария Есмұрат әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды. Ол осы жылдың мамыр айында Түркияда өтетін әлемдік додада ел намысын қорғайтын болады.

Жасөспірімдерді жарысқа Нұрсұлтан Әлімқұлов пен қыздардың жеке жаттықтырушысы Фариза Нұрсейітова дайындаған. Ендігі кезекте жерлестеріміз халықаралық аренада бақ сынайды.

Нұрбақыт ТҰТҚЫШБЕКОВ