Жаңалықтар

6 500-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды

Сенбі күні елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен белсенді жастар бейнебайланыс арқылы қосылып, «Денсаулық» саябағында ағаш көшеттерін отырғызды.
Акция барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, екі жыл бұрын тағылымы мол, мән мазмұны айрықша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы басталғанын айтты.

Облысымызда бұл күні «Таза Қазақстан» акциясына 12,2 мың тұрғын қатысып, 6 500-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде «Денсаулық» саябағында 500-ге жуық ағаш егілді.

Өңір басшысы акцияға белсенді қатысқан барша жамбылдықтарға, әсіресе жастарға ризашылығын білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі