Таразда ҚАЖ мекемесінде сенбілік ұйымдастырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы жүйелі түрде ұйымдастырылып жатқаны белгілі.
Санитарлы-тазалық жұмыстарынан тәртіп сақшылары да тыс қалған жоқ. Мәселен, бүгін Тараздағы өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесі жеке құрам қызметкерлері мекеме аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері мекемк аумағын күл-қоқыстан арылтып, сауапты іс жасады. Айта кетейік, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.