Әлеумет

Оқушыларға кәсіптік бағдар берілді

Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толды. Осы орайда Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Атыңнан айналайын, Әулиеата» атты оқушыларға кәсіптік бағдар беру бағытындағы кеш өтті.

Іс-шара барысында колледж студенттері театрландырылған қойылымдар ұсынып, Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған өлеңдер оқып, көрермендерге айрықша әсер сыйлады. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптейтін музыкалық және хореографиялық нөмірлер орындалып, кештің мазмұнын байыта түсті.

Концерттік бағдарлама аясында колледждің білім беру бағыттары таныстырылып, қатысушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушыларына мамандық таңдау бойынша кеңес беріліп, оқу орнының мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

Нұрбақыт ТҰТҚЫШБЕКОВ