«ASSYLTAS» қорының қолдауы
Тараз қаласының орталығындағы «Жастар» аллеясында ауылдық мектептердің кітапханаларына табысталатын жаңа кітаптарды қабылдау рәсімі өтті.
Игі іс-шара барысында ауыл балаларының білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған түрлі жанрдағы әдебиеттер мен заманауи оқулықтар таныстырылды. Бұл бастама елді мекендердегі білім ошақтарының материалдық-рухани базасын нығайтуға үлкен септігін тигізді.
Жиын соңында қабылданған бағалы тартулар арнайы жоспар бойынша ауылдық мектептерге жөнелтілді.
Жалпы саны 340 білім беру ұйымын қамтитын бұл игі іс-шара аясында оқушыларға арналған мазмұнды әрі танымдық туындылар топтастырылған кітаптар жеткізіледі.
Айта кету керек, өткен жылы осы жоба Абай облысында іске асырылып, 233 ауыл мектебіне 14 000-ға жуық кітап үлестірілген еді. Биыл бастаманың жалғасын табуына облыс әкімдігі қолдау білдіріп отыр.
Бұл қадам ауыл мектептеріндегі кітап қорын толықтырып қана қоймай, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратыны анық.
Айжан ӨЗБЕКОВА