Тараздағы ҚАЖ мекемесінде Ұлттық кітап күніне орай тағылымды шара өтті
23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Дәл осы атаулы датаның аясында ел ішінде жаңа жобалар іске қосылып, бірқатар іс-шаралар атқарылады.
Мәселен, республиканың түкпір-түкпірінде кітап фестивальдары, open air, Ашық есік күні, кітап көрме-жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Бұдан бөлек жергілікті авторларды таныту жобалары, «Кітапхана түні» акциясы, «Weekend. Book. Vibes», «Кітап. Тарих. Шежіре» күні ¬(сирек және құнды, ерекше кітаптар), «Кітап – достық амбассадоры» атты халықаралық басқосулар өтеді. Ал кітап оқу мәдениетін қоғамға кеңінен насихаттауда аталған іс-шаралардың идеологиялық маңызы зор.
Ұлттық кітап күні қарсаңында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде де шара өтті. Нақтылай түссек, бұл күні жазасын өтеушілер мекемедегі кітапхананың бай қорымен танысып, рухани байлықтың қайнар көзімен жүздесті. «Бұл – әр адамның ой-өрісін кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жетелейтін маңызды қадам. Мұндай шаралардың мәні – тек таныстыру емес, ол – өзгеріске бастар жол.
