Жүзеге асырылған жоба көп
Бүгінде «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы облыс экономикасының нақты қажеттіліктеріне бағдарланған тиімді даму институты ретінде өз рөлін күшейткен. Бұл ретте негізгі назар инвестиция тартуға, өндірістік жобаларды дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға аударылған. Атап айтқанда, іске асырылған әрбір жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, салық базасы кеңейтіліпті. Бұл туралы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қанат Әубәкіров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.