Әлеумет

Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті

Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық іс-шаралары қарқынды жүріп жатыр.

Елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған акцияға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері де айрықша үлес қосуда.

Жуырда «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде инспекция қызметкерлері Тараз қаласындағы №26 мектептің ауласына оқушылармен бірге 30 түп ағаш отырғызды.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту, сондай-ақ табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Өз кезегінде акцияға қатысқан оқушылар іс-шараның тәрбиелік мәні өте жоғары екенін атап өтіп, инспекция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Сымбат ҚУАНЫШ