Білгім келген бір сұрақ?

«Жабайы» базар қашанға дейін жұмыс істейді?

Шу қаласындағы Қ.Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан «Шаяхмет» сауда орталығының иесі Майко Андасбаева маңайындағы заңсыздықтардан шаршағанын, көп жылдан бері әділеттілікке қол жеткізе алмай жүргенін айтып, редакцияға хабарласқан еді. Осыған байланысты біз Шу қаласына барып, кәсіпкердің уәжін тыңдадық. Оның айтуынша, бұрын осы маң ауызекі тілде «көк базар», «орталық базар» деп аталған және бұл Қ.Сәтбаев көшесінің екі жиегінен орын тепкен «жабайы» базардың орны болған.