Жамбыл жаңалықтары

Облыста жоғары энергиялы материалдар өндіретін екі зауыт салынады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Barys Dynamics» холдингінің басшысы Айбек Барыс өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде сұранысқа ие өнімдер шығаратын жоғары технологиялық өндірістік кешен салуды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.

Жоба төрт кезеңде жүзеге асырылады. Нәтижесінде шамамен 1 100 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Осы арқылы халықты жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізіп, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік туады.

Жалпы инвестиция көлемі 450 миллиард теңгені құрайды.

Кездесу барысында болашақ өндірістің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеп, заманауи технологиялық шешімдерді қолданатын болады.

Жоба шетелдік технологиялық серіктестердің қатысуымен жүзеге асырылып, озық технологияларды енгізуге, өнім сапасын арттыруға және экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі