Қоғам

Микронесие қиындықтан құтқара ма?

Қазіргі таңда микроқаржы ұйымдарының жарнамасы жер жарып тұр. Қала көшелеріндегі билбордтардан бастап, қоғамдық көліктердегі баннерлер, әлеуметтік желілердегі «Ақша керек пе? Бір сәтте көмектесеміз!» деген сыңайдағы «ұрандардан» көз сүрінеді. Расында, микронесие тығырықтан шығуға көмектесе ме, керісінше, қарыздың құрсауында қалдырып, тәуелділікке апарып соға ма? Осыған жауап іздеп көрелік.

Ұлттық банктің ресми мәліметіне сүйенсек, бір жыл ішінде шамамен 1,2 миллион қазақстандық кемінде бір рет микронесие рәсімдеген. Олардың үштен екісі бір уақытта басқа да қарыздарын өтеп жүрген. Сондай-ақ, микронесиенің орташа сомасы 50,6 мың теңгеден 64,2 мың теңгеге дейін өскен.

Ал, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымованың келтірген дерегінше, елімізде 18-21 жас аралығындағы 847 430 адамның 136 239-ы микроқаржы ұйымдарынан қарыз алған. Солардың 18 638-і немесе 13,7 пайызы берешекті 90 күннен асырып, мерзімі өткен борышкерлер санатына енген екен.

Әрине, мемлекет тарапынан микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптар күшейгенімен, қарыздың құрығына ілінгендердің қатары әлі де азаймауы өте алаңдатарлық жайт екені белгілі.

Қарыздың қыспағынан әрең құтылған жастардың бірі, Тараз қаласының тұрғыны Әлихан Бақытбек өз басынан өткен жағдайды былай деп еске алады.

Қаржы саласының маманы Гүлнар Жолдасова адамдардың түрлі микронесиелер мен займдарға қызығуының себебін қаржылай сауаттылықтың төмендігімен байланыстырады.

Микронесие – адамға көмектесе де, қиындық тудыра да алады. Сондықтан әрбір азаматтың микроқаржы ұйымдарынан қарыз алмас бұрын өз мүмкіндіктерін нақты бағалап, табысын жоспарлап және қаржылық тәуекелдерді есептеу әдетін үйренуі аса маңызды.

Дариға МЫРЗА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз

университетінің 4-курс студенті