Кітапханалар қызметі – рухани дамуға серпін
Өңір кітапханалары 2026 жылдың бірінші тоқсанында халыққа сапалы қызмет көрсетіп, рухани-мәдени бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова баяндады.
Есепті кезеңде кітапханаларда барлығы 67 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 66 мыңнан аса оқырман қамтылыпты. Іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи сананы қалыптастыру және жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, цифрландыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп, сирек қордағы кітаптарды сақтау мен қолжетімділігін арттыруға басымдық беріліпті.
Брифинг барысында Эльмира Елеусізқызы мәдени-ағартушылық жұмыстардың маңызына да ерекше тоқталды.
Айта кетейік, кітапханалардың әлеуметтік желілердегі белсенділігі де артып келеді. І тоқсанда жарияланған материалдардың жалпы қаралымы 4,3 миллионнан асқан. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында жүзден аса материал жарық көрген.
Нұрсая САҒЫМБЕК,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз университетінің 4-курс студенті