Заң

Таразда төрт сотталған азамат құжаттандырылды

Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші төрт азаматқа әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетіліп, олардың құжаттану мәселесі оің шешімін тапты

Мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері өзге де жауапты мамандармен бірлесе отырып, сотты болғандардың жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуге көмектесті. Аталған тұлғалар түрлі себептерге байланысты осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы азаматы екенін растайтын құжатсыз жүрген.