Тазалықты қамтамасыз ету – әр азаматтың міндеті
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының өңірде жүзеге асырылу барысы жан-жақты қаралды. Кеңес барысында аймақ басшысы бастаманың маңызына ерекше тоқталып, тазалық мәселесі тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.