Жаңалықтар

Жамбыл облысында қоқыс тастағандар камера арқылы анықталуда

Жамбыл облысында қоғамдық орындарды ластаушыларды анықтау жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтер жүргізіп, бейнебақылау камераларының көмегімен тазалық талаптарын бұзғандарды анықтауда.

Жыл басынан бері белгіленбеген орындарға қоқыс тастаудың 145 дерегі тіркелген. Барлық құқық бұзушылар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Анықталған фактілердің қатарында көлік ішінде отырып темекі тұқылын сыртқа лақтыру, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды кез келген жерге төгу жағдайлары бар.

Қазіргі уақытта мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды тазалық ережелерін сақтауға және қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырады. Ережені бұзғандарға заң аясында жауапкершілік қарастырылған.