Таразда қоғамдық көлікте жолақы төлеу тәртібі өзгереді
Тараз қаласында қоғамдық көлікте жолақы төлеу тәртібіне өзгеріс енгізіледі. Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстан Республикасының жолаушыларды тасымалдау ережесінің 41-1 тармағына сәйкес, енді жол ақысы жолаушы көлікке отырған сәттен бастап келесі аялдамаға дейін есептеледі.
Жаңа жүйе аясында бақылау да күшейтіледі. Контролерлер мен полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерге кіріп, төлем жүйесін уақытша тоқтатып, жолаушылардың электронды немесе қағаз билеттерін тексеретін болады.
Ереже талаптарын сақтамаған жолаушыларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, билетсіз жүргендерге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 8 650 теңге айыппұл салынады.
Мамандар қала тұрғындарын қоғамдық көлікте жол ақысын уақытылы төлеуге шақырады.