Жамбыл облысында жол апаты: құтқарушылар қысылып қалған жүргізушіні аман алып шықты
Бүгін таңертең Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Бурыл ауылында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды arainfo.kz
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы апат салдарынан көлік ішінде қысылып қалған азаматты арнайы гидравликалық авариялық-құтқару құралдарының көмегімен шығарып алды.
Құтқарылған ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылып, әрі қарай ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.