Олжас Бектенов Арал маңы жағдайын жақсарту және көгалдандыру жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда көгалдандыру, оның ішінде орман алқаптарын құру, өңірлерде экологиялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.