Экологиялық науқан жалғасуда
Облысымызда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жаңа форматта жалғасуда. Жуырда акция шеңберінде облыс орталығы мен аудандарда бірқатар тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы «Денсаулық» саябағында «Таза саябақ» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара барысында жастар көшеге тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ «Таза саябақ» акциясы аясында Жуалы, Сарысу аудандарының орталық саябақтарында тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жалпы «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 208 өтінім түскен.
2030 жылға дейінгі «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың өңірлік жоспары аясында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, энергия мен суды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желектерді отырғызу бағытында 47 маңызды іс-шара жоспарланса, 2026 жылы 36 іс-шара іске асырылады.
«AR-AI»-ақпарат