Жамбыл жаңалықтары

100-ге жуық жеміс ағашы отырғызылды

19 наурыз – Жаңару күніне орай «Ұлы дала» ықшамауданындағы 3 гектар жерге 100-ге жуық жеміс ағашы отырғызылды. Игі бастамаға Әулиеата ауданы әкімдігі мен аудандық ардагерлер кеңесі мұрындық болған.

Жаңару күні – тазалықты, табиғатты аялауды, жаңашылдық пен жасампаздықты насихаттайтын ерекше күн.

Тараз қаласы, Әулиеата ауданы әкімінің орынбасары Шыңғыс Ерғараевтың айтуынша, байыпты бастаманың мақсаты – жастарға өнеге көрсету.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әмірхан Қанаев та өз ойын ортаға салып, көпшілікті туған жердің тазалығын сақтап, көркеюіне үлес қосуға шақырды.

Нұрбақыт ТҰТҚЫШБЕК