Жаңару күні: Таразда жазасын өтеушілерге дәріс оқылды
2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізілген «Наурызнама» онкүндігі көптеген іс-шаралардың жүйелі түрде өтуіне жол ашты.
14-23 наурыз аралығын қамтитын бұл кезеңнің әр күніне арнайы мазмұн жүктеліп, ұлттық құндылықтарды жаңаша дәріптеу үрдісі қалыптасты. Көрісу, қайырымдылық, мәдениет пен салт-дәстүр, шаңырақ, ұлттық киім, жаңару, ұлттық спорт, ынтымақ, жыл басы және тазару күндері халықтың дүниетанымы мен өмір салтын айшықтайды.

Осы онкүндіктің алтыншы күні – Жаңару күні. Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге арнайы дәріс өткізілді. Жалпы, мәдени-танымдық шара аясында дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттауға басымдық берілді.