«Тараз – қолөнершілер қаласы» атты танымдық кездесу өтті
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Тараз қаласында ерекше мазмұнды кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы қызметкерлерінің бастамасымен өткен шара «Тараз – қолөнершілер қаласы» тақырыбына арналды.
Кездесудің құрметті қонағы – қолөнер шебері, «Жамбыл облысының қолөнершілер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ықыласұлы Бисенов болды.
Сұхбат барысында шебер ұлттық қолөнердің даму үрдістері, оның бүгінгі қоғамдағы орны мен маңызы туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар дәстүрлі өнерді сақтау, жаңғырту және оны жас ұрпаққа насихаттау жолдарына тоқталды.

Шараға қатысушылар ұлттық мұраның құндылығы жайында ой бөлісіп, қолөнердің тәрбиелік мәніне ерекше назар аударды. Кездесу барысында қолөнер өнерінің терең тарихы сөз болып, ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған әсерлі әңгіме өрбіді.
Мазмұнды жиын қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыра түсті.