Әділетті қоғамның берік тұғыры – «Заң мен тәртіп»
Егеменді еліміздің дамуы – ең әуелі бейбітшілікке келіп тіреледі. Демек, қоғам тыныш болса, ел де соған қарай өркендейді. Ал тыныштықтың кепілі – заң мен тәртіпке бағыну. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды». Мемлекет басшысының идеясымен қолға алынған «Заң мен тәртіп» қағидасы Баукеңнің осынау сөзімен мәндес, мағыналас болуы да сондықтан.