Брифинг

Жылыту маусымы ойдағыдай өтуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Еркін Алтышевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Тақырыпқа жылыту маусымының қорытындысы арқау болған жиында спикер БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Е.Алтышевтің айтуынша, жылыту маусымының өту барысын бақылап отырған облыстық және жергілікті штабтар қалыпты жұмыс істеуде.