«Ұлттық спорт-ұрпаққа аманат» спартакиадасы өтті
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастыруымен зағип оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау, спорттағы жетістіктерге ынталандыру мақсатында Наурызнама онкүндігінің ұлттық спорт күніне орай «Ұлттық спорт-ұрпаққа аманат» атты №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушылары арасында тоғызқұмалақ, асық ату, қол күрес спорт түрлерінен жарыс өтті.
Спорттық шара аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, жарыс ережелері мен шарттары түсіндірілді. Жамбыл облыстық «Қазақ зағиптар қоғамының» спорт бөлімінің меңгерушісі Атоқозиев Ермек Жанқозыұлы ары қарай жүргізіп, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызы, «Инклюзивті Ассамблея» жобасының өңірлік бас амбассадоры – «Шапағат» корпоративтік қорының басшысы Нұрматова Севара, «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрмашева Гүлнұр Омарқызы, №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты директоры Жақсылықова Ельмира Сауқынбекқызы жарысқа қатысушы балаларға сәттілік тіледі.
Көру қабілеті төмен оқушылар арасында спорттық стол ойынынан тоғызқұмалақ, асық ату, қол күрес спорт түрлерінен сынға түсті. Жарысқа 26 қатысушы өз бақтарын сынады. Олар ой жүйріктігін қажет ететін ойында зерек зейіндерімен тамаша ойын жылдамдығымен белсенділік танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
«Тоғызқұмалақ» стол ойыны түрінен
I- Байгубек Шархат
II-Бердібек Жансая
III- Әмірбек Мәншүк
«Қол күрес» ойыны түрінен ұлдар арасынан
І-Сейдахмет Досымжан
ІІ-Жолтай Рақым
ІІІ-Кдырбаев Еламан
«Қол күрес» ойыны түрінен қыздар арасынан
І-Изтилеуова Диана
ІІ-Айдарбек Жания
ІІІ-Неводиева Валерия
«Асық ату» ойыны түрінен
I-Тұрсынбек Дарын
ІІ-Болат Марлен
ІІІ-Мұхит Муслим
Жеңімпаздарды арнайы сыйлықтарымен, медальдар, дипломдарымен марапаттады. Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымының атынан спортқа деген ынталандыру мақсатында демеушілік сыйлығын тапсырып, сондай-ақ оқушылар өзара қызығушылықтарын арттырып, тәжірибе алмасты.