Жаңалықтар

Түзеу мекемесінде Шаңырақ күніне арналған іс-шара өтті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күніне арналған тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – сотталған азаматтарға отбасының қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ жақындарына деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Шара барысында «Отбасының адам өміріндегі рөлі» тақырыбында танымдық әңгіме ұйымдастырылып, отбасының адам өміріндегі орны, ата-ана тәрбиесінің маңызы, туыстық байланыстарды сақтау және отбасылық құндылықтарды құрметтеу мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, отбасы – адамға өмірлік бағыт-бағдар беретін басты тірек екенін атап өтті.


Сонымен қатар, «Туған-туыстарға хат жазу» байқауы өткізіліп, сотталған азаматтар жақындарына арнап жүрекжарды хаттар жазды. Бұл байқау олардың отбасы мүшелерімен рухани байланысын нығайтып, сағыныш сезімдерін жеткізуге мүмкіндік берді.
Іс-шара аясында «Менің отбасым» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі де ұйымдастырылып, қатысушылардың отбасы тақырыбындағы суреттері мен туындылары ұсынылды. Көрме арқылы отбасы құндылықтары көркем түрде бейнеленді.
Мекеме әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара сотталған азаматтардың рухани-адамгершілік тәрбиесін арттыруға, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге және отбасы институтының маңыздылығын терең түсінуге бағытталды. Осындай тәрбиелік мәні бар шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.