Жаңалықтар

Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысып, жаңа Конституция мен оны іске асыру жөніндегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды arainfo.kz

Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, жаңа Ата заңның маңыздылығына тоқталды.

Шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, Конституциялық комиссия және Жалпыұлттық коалицияның мүшелері қатысты.