Референдум қорытындысы жарияланды: жаңа Конституция қабылданды
Бүгін Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда өткен жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумның түпкілікті нәтижесін жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz
Ресми мәліметке сәйкес, референдумға қатысу құқығы бар 12 482 613 азаматтың 9 127 192-сі немесе 73,12%-ы дауыс берген. Олардың 7 954 667-сі (87,15%) жаңа Конституцияны қолдап дауыс берсе, 898 099 азамат қарсы болған. Ал 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылған.

Орталық комиссияның хабарлауынша, дауыс беруге қатысушылар саны 50%-дан асқандықтан, референдум өтті деп есептелді. Сонымен қатар ел өңірлерінің басым бөлігінде қатысушылардың көпшілігі қолдау білдіруіне байланысты жаңа Конституция қабылданды деп танылды.