«Қазақстан тарихта тұңғыш рет қысқы Паралимпиадада екі медаль еншіледі» – Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды.
Бүгін, 17 наурызда елорда әуежайында пара биатлоннан қысқы Паралимпиада чемпионы әрі пара шаңғы жарысынан қола жүлдегері Ербол Хамитовты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды arainfo.kz
Спортшыны жанкүйерлер, туған-туыстары және спорт саласының өкілдері күтіп алды. Ербол Хамитовты пен ұлттық құраманың спортшыларын Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілі Бахыт Сапаров құттықтады.

Шара барысында демеушілік танытқан құрылыс компаниясы Ербол Хамитовқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыстады. Өз кезегінде спортшы да жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, арман-мақсатқа адал болу керектігін атап өтті. Ол бұл жетістік алдағы уақытта бұдан да үлкен нәтижелерге жетуге мотивация беретінін айтты. Айта кетейік, Милан–Кортина қысқы Паралимпиада Италияда 6–15 наурыз аралығында өтті. Оған 55 елден 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды.