Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары саяси науқанға қатысты

Тәуелсіз еліміздің тарихында бүгін елеулі оқиғаға орын алған күн.

Өйткені бүгін, яғни 15 наурызда қазақстандықтар республикалық референдум арқылы өз таңдауын жасап, елімізде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға қатысты мәселе өз шешімін табады. Тараз қаласы №62 орта мектепте орналасқан №1 сайлау учаскесінде түрлі қоғамдық ұйымдар тарапынан үш байқаушы қатысып отыр. Аталған учаскенің төрағасы Лаура Тұрлығұлованың айтуынша, тұрғындар дауыс беруде белсенділік танытуда.

Аталған сайлау учаскесіне өз таңдауын жасап, дауыс беруге келген тұрғындар арасында «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы да бар. Отағасы Гулам Омаров отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасады.

Айта кету керек, № 1 сайлау учаскесінде 2366 адам дауыс беруге құқылы болса, сағат 17-00-ге дейін оның 1 282 тұрғын өз таңдауын жасады. Дауыс беру кешкі 20.00-де аяқталады, түнгі 00.00-ге дейін дауыс санау жұмысы жүргізіледі.