Жаңалықтар

Ұрпақ қамы үшін: Жамбылдық ардагер саяси науқаннан тыс қалмады

Тыл ардагері Дариха Яшева №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназияда орналасқан №35 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды arainfo.kz

90 жастағы кейуана ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, азаматтық белсенділік танытты. Оның айтуынша, мұндай маңызды шаралар ел болашағы үшін ерекше мәнге ие.

Айта кетейік, Жамбыл облысындағы 513 референдум учаскесі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.