Жаңалықтар

Болашаққа өз үлесімізді қосамыз

Таңертеңнен бастап елдің барлық өңірлерінде сайлау учаскелері ашылып, тұрғындар белсенді түрде өз таңдауларын жасап жатыр. Дауыс беру науқаны қарқынды жүруде.

Мәселен, Тараз қаласындағы №494 сайлау учаскесінде, №3 мектеп-лицейінің ғимаратында
қазақстандық еркін күрес шебері, әскерилер арасындағы әлем чемпионы Қазақстан Республикасының 4 дүркін чемпионы Мейіржан Әшіров дауыс берді. 


Ресми мәліметтерге сәйкес комиссия мүшелері мен бақылаушылар жұмыс істеп, дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуде.