Брифинг

Тілсіз жаумен күрес жалғасуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дархан Қалдырбек пен техникалық нормалау бөлімінің бас маманы Ербол Несіпбайдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Онда спикерлер өрттен туындайтын қауіп-қатерлерді төмендету тақырыбында баяндама жасап, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.