Жаңалықтар

Жамбыл облысында ер адам жұбайына қол көтергені үшін сотталды

Сотталушы кінәсін мойындап,өкініш білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов аудандық соты азаматты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы, 1-бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру фактісі бойынша қарады. Сот анықтағандай, 2026 жылдың ақпан айында ауылдағы үйінде болған азамат өзінің азаматтық жұбайымен ауызша жанжал кезінде оның денсаулығына жеңіл ауырлық дәрежесіндегі зиян келтірген.

Сотталушының кінәсі іске қатысушылардың айғақтарымен, медициналық қорытындымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен расталды. Прокурор сотталушыны 20 тәулікке қамаққа алуды сұрағанымен, сотталушы кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, жәбірленушімен татуласуға ниет білдірді. Жәбірленуші де татуласуды растады және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы бойынша азаматқа 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға қатыстыру немесе 50 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Сот кінәні мойындауды және оң қырынан сипатталуын жеңілдететін мән-жай ретінде танып, ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Алғаш рет жасалған құқық бұзушылықты ескере отырып, сот қылмыстық істі татуласу негізінде тоқтатпады.

Сот үкімі бойынша азамат 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.