Жамбыл жаңалықтары

Жас балуандар бақ сынауда

Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Кеше өткен ел біріншілігінің ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, жас балуандарға сәттілік тіледі.