Мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды arainfo.kz
Ақордада өткен іс-шара барысында Президент Қазақстан әйелдеріне алғыс айтып, олардың ел дамуына қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.

Президенттің айтуынша, бұл мейрам мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың символы болып саналады. Ол әйел адамның қоғамдағы, отбасыдағы ерекше рөлін атап өтті.
Мемлекет басшысы әйелді тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы деп атап, «бесікті де, әлемді де тербеткен» әйел жүрегі ізгіліктің мекені екенін айтты. Сондай-ақ әйелдің қадірі – елдің қадірі екенін ерекше атап өтті.

Президенттің сөзінше, ұлттың болмысы, тілі, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтары ұрпаққа ананың тәрбиесі арқылы дариды.