Жаңалықтар

«Қазгидромет» су басу қаупі жоғары өңірлерді атады

Казгидромет мамандары 2026 жылға арналған көктемгі су тасқынына байланысты гидрологиялық болжам жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz

Мамандардың мәліметінше, биыл Қостанай облысы, Павлодар облысы, Алматы облысы және Ақтөбе облысы аумақтарында су тасқынының орташа қаупі бар.

Болжам топырақтың күзгі ылғалдануы, қату тереңдігі, қар қоры және көктемгі ауа райы жағдайларын ескере отырып жасалған. Мәселен, Қостанай мен Павлодар облыстарында қар мөлшері кей жерлерде нормадан жоғары. Ал Алматы облысының таулы аудандарында күн күрт жылынса, қар-жаңбыр тасқындары болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, су тасқынының нақты жағдайы наурыз-сәуір айларындағы температура мен жауын-шашын көлеміне байланысты қалыптасады. Қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар алдағы уақытта тұрақты түрде жарияланып отырады.