Жаңалықтар

68 млрд теңге бір айда: мемлекет кімдерге және қанша төледі?

2026 жылдың басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 59,3 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қосымша ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу тәуекелдері бойынша шамамен 8,9 млрд теңге әлеуметтік төлем төленді.

Осылайша, бір ай ішінде әлеуметтік қолдауға жалпы көлемі 68 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған.

2026 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша:

545,9 мың адам мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады;

191,9 мың адам асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алады;

86,2 мың адам еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем алған;

62,9 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша МӘАСҚ-дан төлем алған.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мен МӘАСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдер 10%-ға артты.

Биыл жалпы аурудан мүгедектігі бойынша жәрдемақы:

І топ үшін – 111 873 теңге,

ІІ топ үшін – 89 498 теңге,

ІІІ топ үшін – 61 022 теңге.

Ал еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 54 742 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 55 800 теңгені құрайды.