Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды
Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
2026 жылғы 3 наурызға қараған түні Дубайдан Қазақстанға екі жолаушылар рейсінің ұшуы жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, Flydubai әуе компаниясының FZ1533 Дубай – Алматы және FZ1395 Дубай – Астана бағытындағы рейстері орындалады. Әр рейс 170 орынға есептелген.