Жаңалықтар

Елдің бірнеше облысында қар мен боран күтіледі

2026 жылғы 2 наурызда бірқатар өңірлерде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс қиындауы мүмкін, деп хабарлайды arainfo.kz

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Жетісу облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы және Қостанай облысы аумақтарының кей жерлерінде қар жауып, боран соғады.

Осыған байланысты жүргізушілерге:

жылдамдық режимін қатаң сақтау;

қауіпсіз арақашықтықты ұстану;

күрделі метеожағдайды ескере отырып, алыс жолға шыққанда сақ болу ұсынылады.

Жол жағдайы туралы жедел ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығы арқылы алуға болады.