Таразда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашпақ болған
Тараз қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған «Mercedes-Benz» автокөлігін тоқтатпақ болған, деп хабарлайды arainfo.kz
Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, кәсіби әрі үйлесімді жұмыстың нәтижесінде көлікті тоқтатты.
Тексеру барысында көлікті кәмелетке толмаған жасөспірімнің басқарғаны анықталды. Оның жүргізуші куәлігі болмаған. Белгілі болғандай, ол көлікті әпкесінен рұқсатсыз айдап кеткен.
Аталған дерек бойынша жасөспірім мен көліктің заңды иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті ата-аналарды кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және оларды көлік басқаруына жол бермеуге шақырды.