Отбасы құндылығы – бұлжымас қағидат
Жуырда Астана қаласындағы Заңнама және құқықтық ақпарат институтында жиын өтіп, онда еліміздің жаңа Конституциясы сарапшылар арасында кеңінен талқыланды. Яғни еліміздің жетекші заңгерлері мен әлеуметтанушылары Ата Заңның негізгі новеллаларын қарастырып, отбасы мен неке институтын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Іс-шараға аталған институттың басшылығы мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық даму институтының делегациясы қатысты. Кездесу пәнаралық диалог форматында өтті. Заңгерлер мен қоғам қайраткерлері ана, әке мен баланы қорғауға, сондай-ақ некенің конституциялық мәртебесіне қатысты ұсынылған баптардың тұжырымдамаларын егжей-тегжейлі талдады.
Пікірталасты аша отырып, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова конституциялық реформаларды ғылыми пысықтаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде ҚҚДИ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова реформалардың әлеуметтік өлшемінің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ Қазақстан қоғамдық даму институты Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл да ойын ортаға салып, отбасы және гендерлік саясат төңірегіндегі зерттеулер туралы айтты.
Сонымен қатар оның айтуынша, ата-аналар балаларының дәстүрлі емес құндылықтардан да аулақ жүргенін қалайды екен.
Жиын барысында Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Гүлмира Нубаева, осы институттың аға ғылыми қызметкері, PhD Таңат Нұрғазиев, институттың ғылыми қызметкері Арман Батраханов, өзге де қызметкерлер сөз сөйлеп, шаңырақтың шырқына, Отанның амандығына қатысты ғылымға негізделген ойларын бөлісті.