Жаңалықтар

«Меркі – орта ғасыр өркені»

«Бабалар салған ізбенен» жобасы аясында ұйымдастырылған «Меркі – орта ғасыр өркені» тақырыбындағы тағылымды кездесу жас ұрпаққа тарихтың терең тамырынан сыр шертетін маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Аталған кездесу Меркі аудандық тарихи-өлкетану мұражайында өтіп, қатысушыларды бай тарихи мұрамен жақыннан таныстырды.

Шараға мұражай директоры А.Базилов қатысып, Меркі өңірінің орта ғасырлардағы тарихи маңызы жөнінде кең көлемде баяндама жасады. Оның айтуынша, Меркі жері — көне қалалар мен тарихи ескерткіштерге бай, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды мәдени-экономикалық орталықтардың бірі болған. Бұл өңір арқылы өткен сауда керуендері тек тауар ғана емес, мәдениет пен өркениеттің де алмасуына жол ашқан.

Кездесу барысында қатысушылар мұражай қорында сақталған тарихи жәдігерлермен танысып, бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен дүниетанымы туралы құнды мағлұмат алды. Орта ғасырлар кезеңіндегі Меркі аймағының саяси, рухани және экономикалық рөлі жан-жақты сөз болып, өлкенің қазақ тарихындағы айрықша орны атап өтілді.

Тағылымды кездесудің басты мақсаты — жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, туған өлкенің өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы жастар бабалар мұрасының маңызын терең түсініп, ел тарихына деген қызығушылығын арттырады.

Қорытындылай келе, «Меркі – орта ғасыр өркені» атты тағылымды кездесу тарих пен бүгінді жалғаған рухани көпір іспетті болды. Мұндай жобалар өскелең ұрпақтың елін, жерін сүюіне, ұлттық болмысын сақтауға және тарихи жадыны жаңғыртуға зор үлес қоса беретіні сөзсіз.

Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 

«Жастар ресурстық орталығы»

 КММ-ніңдиректоры

Нұрбек Жұманазаров