Жаңалықтар

Жамбылда көктемгі егіске 10 мыңнан астам техника сақадай сай

Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Ербол Қарашөкеев баяндады, деп хабарлайды arainfo.kz

Жамбыл облысының диқандары көктемгі егін егу жұмыстары үшін барлық қажетті тауарлық және материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Ербол Қарашөкеев баяндады.

Ол қажетті 58 мың тонна тұқым толығымен дайындалғанын атап өтті. Өңірде минералды тыңайтқыштарды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 109,7 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарлануда. 2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін шаруалардың өтінімдеріне сәйкес 25,1 мың тонна дизель отыны дайындалды.