Жамбыл облысының қызметкері республикалық турнирде жүлдегер атанды
17–19 ақпан күндері Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған қазақ күресінен ашық турнир өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Додаға еліміздің әр өңірінен келген құтқарушылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыста Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің намысын Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, аға лейтенант Әділжан Нұрланұлы қорғады. Ол 90 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жүлделі үшінші орынды иеленді.
Аталған жетістік құтқарушылардың тек қызмет барысында ғана емес, спорт алаңында да жоғары дайындық деңгейін көрсететінін дәлелдейді. Жамбылдық құтқарушылар кәсіби шеберлікпен қатар, мықты дене дайындығы мен қайсар рухтың үлгісін танытып келеді.