Чемпиондар ауылдан шығады
Жастарды спортқа баулу – болашаққа жасалған маңызды қадам. Спорт денсаулықты нығайтып қана қоймай, адамды тәртіпке, еңбекқорлыққа, табандылыққа үйретеді. Спортпен айналысқан жас бос уақытын тиімді өткізіп, жаман әдеттерден аулақ болады.
Осы мақсатта Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында түрлі спорттық жарыстар, турнирлер және салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шаралар жиі өткізіледі. Бұл бастамалар жастардың белсенділігін арттырып, олардың спортқа деген қызығушылығын оятады.
Менің өз отбасымда да спортқа ерекше мән беріледі. Салауатты өмір салтын ұстану – біздің басты қағидамыздың бірі. Балаларымызды кішкентайынан спортқа баулып, әр жетістігіне қолдау көрсетеміз.
Шынын айтқанда, болашақта ауданымыздан Олимпиада чемпионы шығып жатса, бұл – барша жұрт үшін үлкен қуаныш болар еді. Осындай жетістік жастарға сенім беріп, спорттың шын мәнінде үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын дәлелдер еді.
Әсем ИСКАКОВА,
Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығығының
ақпараттық мониторинг және құқықтық бөлімінің басшысы