Әлеумет

Ардагерлер атқарған жұмыс ауқымды

Белсенді ұзақ өмір орталығының мәжіліс залында Тараз қалалық ардагерлер ұйымының XIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай қатысты.

Конференцияны Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова ашып, өткен жылы атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Сонымен қатар бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Мұрат Жұмаділдаев, білім саласы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Баймұрат Жақсыбеков, денсаулық сақтау саласы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Жұмакүл Абылгазина, аналар алқасының төрайымы Жанат Сарыбекова, билер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Досымбеков, төралқа мүшесі Абдурахман Зайнутдинов жарыссөзге шықты.

Іс-шара соңында конференция делегаттары қалалық ардагерлер кеңесінің есепті кезеңдегі жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Сондай-ақ қалалық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы мен облыстық ардагерлер ұйымының конференциясына делегаттар сайлады.

Конференциядан кейін алғашқы ұйымдастыру пленумы өтіп, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Күләш Әбдікешова бірауыздан қайта сайланды.

Сымбат ҚУАНЫШ